Теңгенің құнсыздануы жалғасып жатыр. Осыған байланысты биыл инфляцияны 2 есе төмендету керек. Премьер-Министр Әлихан Смайылов бастаған Үкімет мүшелері жыл соңына дейін аталған күрделі мәселені шешуге тәуекел етіп отыр.
Инфляцияның жылдық мәні 20,3 пайызға жетті. Ұлттық банк мәліметінше, өсім, әсіресе азық-түлік инфляциясында байқалады. Әлихан Смайылов оған салалық министрліктер мен әкімдіктер қажетті іс-шараларды жеткілікті қабылдай алмады,-дейді.
Жоспар бойынша жағдай наурыз айынан бастап түзеле бастайтынын жеткізді.
Әлихан Смайылов , ҚР Премьер-Министрі:
Халықаралық сарапшылардың болжамы бойынша, жалпы дүниежүзінде биыл инфляция қарқыны баяулайды деп күтілуде. Ол енді, әрине бізге де әсерін тигізеді. Жылдың қорытындысы бойынша, біз инфляцияны 9,5 пайыз шеңберінде сақтаймыз деген мақсат қойып отырмыз.
Асылбек Данияр