Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды

11.01.2023

Конституциялық сот Тұңғыш Президент - Елбасы туралы заңның күшін жойды. Төраға Эльвира Әзімова мен судьялар қатысқан ашық отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті бір топ депутатының Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабының 4-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін қарады.

Соның нәтижесінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты бұл заңның күші жойылды деп танылды. Конституцияның 74-бабы 3-тармағына сәйкес, нормативтік қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды. Ал бүгін Мәжілістің жалпы отырысында осыған қатысты конституциялық заң жобасы бойынша бірлескен комиссияның құрамына енетін депутаттар іріктелді.

Әлия Әбсеметова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біз қолдаймыз. Себебі қазіргі таңда осы үлкен үрейлі сұрақ. Ертең бірге бірігіп отырғанда, екі палата біз де Мәжілістен айтуымыз керек қой қандай шешімге келгенімізді.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу