Жылдық инфляция 20,3 пайызға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдық инфляция 20,3 пайызға жетті

11.01.2023

Теңгенің құнсыздануы жалғасуда. Инфляцияның жылдық мәні 20,3 пайызға жетті. Ұлттық банк мәліметінше, өсім, әсіресе азық-түлік инфляциясында байқалады.

Жағдай наурыз айынан бастап жақсарады дейді,- Үкімет басшысы Әлихан Смайылов. Ал жыл соңында бұл көрсеткішті 9,5 пайызға жеткіземіз деген жоспары бар.

Асылбек Данияр, тілші: 

Үкімет отырысы жаңадан тағайындалған министрлердің ант беруімен басталды. Ал күн тәртібінде өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы және халықтың шамадан тыс несие алуын азайту жөніндегі шаралар қаралды.

Ұлттық экономика министрілігі барлық салада өсім едәуір артқандығын мәлімдеді. Тек көмір және металл, газ, мұнай өндірісі төмендеген. Тұрғын үйлерді пайдалануға беру былтырмен салыстырғанда 8,8 пайызға кем.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджеттің 81 миллиард теңгесі игерілмегенін айтты. 99 пайыздан төменгі көрсеткіш Сауда жане интеграция, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш, Төтенше жағдайлар, Мәдениет және спорт министрліктеріне тиесілі. 

Сонымен бірге халықтың шамадан тыс несие алуын төмендету бойынша жауапты ведомстволар бірқатар ұсыныстар дайындапты.


Хабарламаларға жазылу