Алматыда үздіксіз жауған қардың салдарынан жол апаты жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үздіксіз жауған қардың салдарынан жол апаты жиіледі

11.01.2023

Алматыда үздіксіз жауған қардың салдарынан жол апаты жиіледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты оңтүстік астанада 65 жол апаты тіркеліп, 10-нан аса адам зардап шекті.

Бұған дейін синоптиктер мегаполисте ақ ұлпаның қалың түсетінін болжаған. Қаланың коммуналдық қызметтері түні бойы тазалау жұмыстарын жүргізіп, 1300 текше метр қар шығарған. Бұл үшін 460 арнайы техника мен 400-ге жуық адам жұмылдырылған.

Қардың қалыңдығы таулы аймақтарда 25 сантиметрге дейін жеткен. Түнде қаладан шығатын республикалық маңызы бар бірнеше тас жол жабылды.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу