Шымкентте ауруы асқынған жүкті әйел аман-есен босанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ауруы асқынған жүкті әйел аман-есен босанды

10.01.2023

Шымкенттік дәрігерлер екі ай бойы ауруы асқынып, жансақтау бөлімінде ем алған жүкті әйелді босандырып, аман алып қалды. Алғашында соқырішек диагозымен ауруханаға жеткізілген науқасқа дәрігерлер операция жасаған. Алайда 29 жастағы келіншектің өзге де аурулары асқынып кетеді.

Осыған байланысты жүкті әйелдің толғағы ерте келіп, дәрігерлер шарананың ай-күні жетпестен туғызып алды. Жарық дүние есігін ашқан ұл баланың салмағы небәрі 685 грамм болды. Сәби қалалық перинаталдық орталықтағы балаларға арналған жансақтау бөліміне жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Қазір ананың да, баланың да жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Талғат Шәуенов, қалалық Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Бауыр, бүйрек, өкпе органдары қызметі дұрысталды. Анализ талдаулары, жағдайы жақсарып келе жатыр. Бір аптаның көлемінде профильді бөлімге ауыстырып, үйіне шығаруға әрекет етіп жатырмыз.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу