Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Ол Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты орталықтың жоспарын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мекеменің жұмысын жандандыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысу, жаңа қаржы құралдарын дамыту және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.
Дархан Рахымжан