Қазақстаннан Украинаға 6 киіз үй жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан Украинаға 6 киіз үй жеткізілді

09.01.2023

Қазақстаннан Украинаға қайырымдылық мақсатында алты киіз үй жеткізілді. Киіз үйлер жылу, жарық және байланыстан тарығып отырған жергілікті тұрғындардың, әсіресе ана мен баланың қуатқа мұқтаждығын өтеуге арналған.

Сондай-ақ ішінде жылынуға және ауқаттанып алуға болады. Киіз үйдің қызметі елдегі жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Мәселен жарық пен жылу узақ уақытқа өшірілсе, жылулық орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Олардың біреуі Киев өңіріндегі Буча қаласында орнатылды.

Осы күні Украинадағы қазақ қоғамы ұлттық тағамның бірнеше түрін әзірлеп, 200-ден астам жергілікті тұрғынды тамақтандырды.

Дәрменов, Украинадағы қазақ қоғамының өкілі:

Мынау біздің бірінші қазақ үйіміз сегіз қанатты ары қарай он алты қанатты үй - Киевтің орталығында болады, барлық саны алтау, мынау біріншісі, бүгін ашылуы. Өздеріңіз білесіздер жарық жоқ, жылу жоқ, егер адам тоңғандай болса, ұялы телефонын қуаттау керек болса, осында келе алады. Өйткені электр генераторымыз бар осында.

Аида Әбіл

Хабарламаларға жазылу