Бразилияда экс-президенттің жақтастары президент сарайына басып кірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда экс-президенттің жақтастары президент сарайына басып кірді

09.01.2023

Бразилияда экс-президент Жаир Болсонарудың жақтастары тәртіпсіздіктер ұйымдастырды. Жүздеген адам елдің ұлттық конгресі, Жоғарғы сот ғимараты мен президент сарайына басып кірген.

Шабуыл үш сағатқа созылды. Полиция оларды көзді жасаурататын газ қолданып таратқан. Тәртіп бұзушылардың қолына кісен салып, тұтқындады. Экс-президенттің жақтастары жаңадан сайланған президент Лула да Силваның инаугурациясы өткеннен кейін бір аптадан соң тәртіпсіздіктерге барған.

Олар әсіре оңшыл Жаир Болсонарудың жеңілісін мойындаудан бар тартып отыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу