АҚШ-тың Калифорния штатына екінші күн қатарынан дүлей дауыл соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатына екінші күн қатарынан дүлей дауыл соққы берді

06.01.2023

АҚШ-тың Калифорния штатына екінші күн қатарынан дүлей дауыл соққы берді. Жел күшейіп, үздіксіз нөсер жауын жауса, кей жерлерде қалың қар түсті. Он мыңнан астам үй электр жарығынсыз қалған. Су тасқыны жүріп, тастар, ағаштар құлады. Көлік қатынасы қиындап, жолдар жабылған. «Рейтердің» дерегіне сай, қолайсыз ауа-райынан екі адам қаза тапқан. Дауыл қашан басылары белгісіз. Ауа райын бақылаушылардың мәліметінше, алдағы екі күнде тасқын күшейіп, сел жүруі мүмкін.

Шон Берри, АҚШ тұрғыны:
Жаңбыр түні бойы тоқтамастан тарсылдап жауды. Қатты жел соғып, қорқынышты дыбыстар естілді. Көшелер өзенге айналған. Тұла-бойымды үрей билеп, дөңбекши бердім.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу