Ұялы байланыс компаниялары жалған нөмірден шалынған 5,5 млн қоңырауды бұғаттаған. Бұл интернет-алаяқтыққа қарсы шаралардың бір жылдағы нәтижесі. Ал Ішкі істер министрлігі 6 ұйымдасқан қылмыстық топты жойып, алаяқтық белгілері бар 165 сайттың жұмысын тоқтатқан. Бүгін Президентке өткен жылдың есебін баяндаған Ішкі істер министрі осылай деді. Оның айтуынша, елімізде кісі өлтіру қылмыстары азайған. Ал ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің арқасында қылмыстық топтардың 24 басшысы мен 114 мүшесі тұтқындалды деді министр. Бұдан бөлек, 2700-ден астам есірткі қылмысы анықталған. Заңсыз айналымнан 15 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 70 зертхана жойылған әрі есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды деді, Марат Ахметжанов.
Данияр Қайыртай