Отандық «Кенже» кинокартинасы прокатқа шықты.
Бүгіннен бастап, еліміздің барлық өңірлеріндегі кинотеатрларда көрсетіледі. Фильм режиссері - Ермек Тұрсынов. Басты рөлдерде Жандос Айбасов пен Айнұр Ниязова ойнайды.
Тағдыр тәлкегіне түсіп, жетім қалған ағайынды екі баланың басынан кешкен оқиғалары бүгінгі қоғамның бейнесін суреттейді.
Жеңіл жолмен ақша табуды көздеген кейіпкерлер қоғамдағы толып жатқан қайшылықтарды, әлемде қалыптасқан заңсыздықтарды суреттеу арқылы көрерменге ой салады.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ