Базалық металдарды дайын өнім түріне дейін өңдеуді тереңдету қолға алынбақ. Үкіметте өткен Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осылай деді.
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың басшылығымен өткен кеңестің бесінші отырысы тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелеріне арналды. Үкімет басшысы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін өнеркәсіп жаңа жылдан бастап бес жылға пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босатылғанын айтты.
Қазір тау-кен металлургия кешенінің экономикадағы үлесі 8,5%. Былтыр құны 232 млрд теңге болатын 19 инвестициялық жоба іске асқан. Өнім шығару көлемі 17 пайызға өсіп, 11 трлн теңгеден асты.
Данияр Қайыртай