Ресейде коронавирус өршіді. Бір тәулікте індет 3,5 мыңға жуық адамнан анықталған. 38 өңірде карантиндік шектеулер енгізілді.
Вирус жұқтырғандарға арналған ауруханаларда орын жоқ. Мәскеу, Санкт-Петербург қалаласында қоғамдық орындарда маска тағу міндеттеліп, компаниялар қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті.
Мамандар коронавируспен бірге шошқа тұмауы да кең таралып жатқанын айтады.
Александра Иванова, қала тұрғыны:
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырдым. Сондықтан ешқандай белгілері болмады. Қазір маска тағып, аурудың алдын алу үшін әрекет етіп жатырмыз. Бірақ айналамдағы адамдардың бәрі, достарым, жақындарым ауырып жатыр. Өте қорқынышты.
Индира Бегайдар