«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында бір жұмысшы қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында бір жұмысшы қаза тапты

06.01.2023

«Арселор Миттал Теміртау» кәсіпорының аумағында бір жұмысшы қаза тапты. Қазір оқыс оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Қызметкердің қайтыс болғанын Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Аталған дерекке қатысты «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу