Елордада Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай шағын футболдан жарыс өтті

04.04.2017

Елордада шағын футболдан жарыс өтті. Қатысушы 9 команданың ішінде полиция қызметкерлерімен қатар, БАҚ өкілдері де болды.

«Қазақстан полициясының 25 жылдық мерейтойына орайластырылған бәсеке салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, түрлі сала мамандарының өзара қарым-қатынасын жақындата түседі. Сондықтан, бұл турнир енді дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырады» - деді жарысқа мұрындық болған Күзет полициясының өкілдері.   

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу