Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Кездесу барысында конституциялық реформаға сәйкес, Омбудсменнің жаңа өкілеттіктері, сондай-ақ Бас прокуратурамен өзара іс-әрекет мәселесі талқыланды. Президент азаматтарға берілетін конституциялық кепілдікті күшейту үшін сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының нақты шаралар қабылдауы маңызды екеніне назар аударды.
Шерхан Жамбылұлы