Елімізде шағын бизнеске арналған салықтық каникул аяқталды. Кәсіпкерлер енді биылдан бастап салық төлей бастайды. Миллионнан астам микро және шағын бизнес иесі 2020 жылдан бері төлемнен бостатылған еді. Осы арқылы кәсіпкерлер үш жылда 400 миллиард теңгедей үнемдеп, салыққа жұмсалуы керек болған ақшаны бизнесін дамытуға жұмсады. Айта кетейік, шағын бизнеске салықтық каникул аяқталғанымен, тексеруге енгізілген мараторий мерзімі тағы бір жылға ұзартылған болатын.
Досжан Маратұлы