Солтүстік Қазақстанда соңғы үш жылда мәдениет саласын дамытуға 25 млрд теңге жұмсалды. 2019 жылдан бері бұл бағытта барлығы 84 жоба жүзеге асқан. Олардың жалпы құны - 8,5 млрд теңге.
Қазіргі таңда облыста 602 мәдениет нысаны жұмыс істеп тұр. Дегенмен түйіткілді мәселелер де жоқ емес. Салада маман тапшы. Қажеттілікті жабу үшін облыс әкімінің атынан 100 білім беру гранты бөлінбек.
Дәурен Жандарбек, облыс әкімінің орынбасары:
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 9 театр салынды. Соның бірі – Петропавлда. Биыл тағы бір ауқымды жобаның құрылысы аяқталмақ. Ол – Киров зауытының аумағындағы Ислам мәдениетінің музейі. Қазір нысан қалпына келтірілуде. Бұл жұмыстар туризмге серпін береріне сенімдімін.
Эльмира Кәленова