Алматыда Жаңа жылды қарсы алу кезінде 13 адам пиротехникадан зардап шекті. Олардың үшеуі бала.
Қалалық жедел жәрдем қызметінің мәліметіне сай, мереке күні 3000-ға жуық қоңырау түскен. Оның 30 пайызы жұқпалы ауруларға қатысты болса, 10-ы жазатайым оқиғалар. 20-ға жуық жол көлік оқиғасы тіркелген. Оның біреуі кісі өлімімен аяқталған.
Андрей Ложкин, қалалық жедел жәрдем қызметі директорының орынбасары:
Мереке күндері жедел медициналық жәрдем бригадалары үш әйелді үйінде босандырды. 2 қаңтарда Ташкент - Алматы бағытында қолайсыз ауа райына тап болған бес адамның зардап шеккені туралы хабарлама түсті. Өзбекстанның екі азаматын жедел жәрдем бригадасы бас және аяқ-қол жарақаттарымен ауруханаға жеткізсе, үшеуі көмектен бас тартты.
Қуан Нұрақын