Қытай ауруханалары науқастарға лық толы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай ауруханалары науқастарға лық толы

04.01.2023

Қытайда коронавирустың таралуы толастар емес.

Денсаулық туралы мәліметпен айналысатын Британиялық «Эйрфинити» компаниясының дерегінше, Қытайда ковидтен күн сайын 9 мыңдай адам көз жұмуда. Айта кету керек, бұл дерек Қытай таратқан мәліметке сай келмейді. Өйткені елде қауіпті індеттен бір тәулікте 5 адам қаза тапты деген ресми ақпарат тарап жатыр.

«Рейтердің» дерегінше, Бейжіңдегі ауруханалар науқастарға лық толы, орын жетпей жатыр. Бұған қоса, жерлеу рәсімдерін өткізетін компаниялардың қызметіне де сұраныс артқан. Халықаралық денсаулық сақтау саласы мамандарының болжамынша, биыл Қытайда ковидтен 1 миллионнан аса адам қайтыс болуы мүмкін.

Осындай қиын шақта ЕуроОдақ бұл елге коронавирусқа қарсы тегін вакциналар беруді ұсынды. Бұл ұсынысқа Бейжің әлі жауап берген жоқ. Осы кезге дейін Қытай билігі тұрғындарға батыс технологиясына негізделмеген отандық екпелерді ғана салуды мақұлдағаны белгілі.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу