Түркістан облысында мыңнан астам жолаушы құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында мыңнан астам жолаушы құтқарылды

04.01.2023

Түркістан облысында боранды күні мыңнан астам жолаушыға көмек көрсетілді.

Демалыс күндері облыс аумағында қар қалың жауып, қатты боран соқты. Соның салдарынан Бәйдібек, Қазығұрт, Кентау, Созақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында жолдар жабылды. 11 учаскеде полиция мен құтқарушылар тәулік бойы қызмет етті.

114 автокөлікте болған 261 адам қауіпсіз жерге жеткізіліп, Алматы бағытына қарай жол тартқан 594 автокөлік учаскелерде тұрақтады. Ондағы 800 адам мешіттерге, 400 адам жақын маңдағы қауіпсіз орындарға орналастырылды. Бірқатар ауданда қатты дауылдан электр бағаналары құлап, елдімекендер әлі күнге жарықсыз отыр.

Қалпына келтіру жұмысын жүргізуге жолдардың жабылуы кедергі болып тұр.

Роза Сариева, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

Алдын ала есептемелер бойынша, 260 электр бағанасы зақымдалған. Оның ішінде Бәйдібек ауданында 195, Қазығұрт ауданында 61, Төлеби ауданында 4. Нақты Созақ ауданында қандай жағдай екенін біз көре алмай отырмыз. Жаңа әріптесім айтып өткендей жол жабық, кіруге мүмкіндік болмай отыр.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу