Байқоңырда трансұлттық қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырда трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

04.01.2023

Байқоңыр қаласында Қазақстан мен Ресей азаматтарынан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. 3 қаңтарда еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп арнайы операция өткізген.

Астанада, Қызылорда мен Қонаев қалаларында аталған топтың көмекшілері ұсталды. Құрыққа ілінгендердің жалпы саны -18 адам.  Олардың үйінен атыс қаруы, ақша мен басқа да айғақ заттар табылды. Қылмыстық топтың адам ұрлау, бопсалау, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатысы бары анықталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу