Украина армиясының соққысынан Макеевка ауылында қаза тапқан ресейлік жауынгерлер саны 89-ға жетті. Мұны Ресей қорғаныс министрлігі растады. Ал Украина қарулы күштері стратегиялық коммуникация басқармасының дерегінше, құрбандар саны 400-ден кем емес.
Айта кетсек, жаңа жыл түні Украина әскері ресейліктер орналасқан кәсіптік-техникалық училище ғимаратына «Хаймарс» жүйесімен соққы берген. Мәскеудің мәлімдеуінше, ресейлік сарбаздар орналасқан жердің назарға ілігуіне олардың ұялы телефонды сол сәтте жаппай қолдануы себепші .
Кей мәліметтерге қарағанда, Украина әскері шабуыл жасағанда, училищеде шамамен 600-дей адам болған. Олардың көбі – мобилизация бойынша әскерге шақырылғандар болуы мүмкін. Қазір осы қырғын үшін Ресей қорғаныс министрлігі үлкен сынға ұшырап отыр.
Арыстан Рысбек