Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен кеңесте ғылым және жоғары білім беруді дамыту мәселелері қаралды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету қалай жүріп жатқанын баяндады. Астана, Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында жаңа жатақханалар салу үшін әлеуетті инвесторлармен жұмысты күшейту қарастырылған. Әлеуметтік осал топтардан ауылдық жерлерден келген студенттерді жатын орындармен қамтамасыз ету үшін жаңа тетікті қолдану ұсынылады.