Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында және сервистік модельге көшу шеңберінде Қаржы министрлігі мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Оның аясында тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттемелерді түбегейлі қайта қарау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Нәтижесінде, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуге міндетті қатысушылардың саны едәуір қысқарады деп күтілуде.