Биыл республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер алды

30.12.2022

Биыл республика бойынша 700-ге жуық жетім бала пәтер алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Елімізде соңғы жылдары балалар үйлерінің саны азайып келе жатқанын атап өткен жөн. Ең басты қағида - баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету. Бүгінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 22 081 бала бар. Олардың 3 мың 790-ы 84 ұйымда тәрбие алып жатыр. Қалған 18 291- жеткіншек отбасында өсіп келеді

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

Бұл - өз отбасында бала тәрбиелеуге ықылас білдірген ата-аналар санының өсуінің нәтижесі. Қазіргі кезде министрлік денсаулық жағдайына қарамастан, барлық балаларды қабылдауға дайын болатын қосымша кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс жүргізуде.

Биылғы балалар жылы аясында 500 мыңнан аса түрлі іс-шара өтті. Балалар жылын іске асыруға 12 орталық, 20 жергілікті мемлекеттік орган, 130 үкіметтік емес, 20 мыңнан аса оқу ұйымдары қатысты.


Хабарламаларға жазылу