Бүгін Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот процесі басталды. Отырысқа журналистер де қатысты. Айыпталушы үш адам. Оның ішінде Боранбаев пен Наханов қамауда, ал біреуі үйқамақта. Адвокаты Қайрат Боранбаевты да, үйқамақта ұстауды ұсынды. Бірақ судья мұны қабылдамады. Оның айтуынша жоғарыда аты аталған екі айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ. Еске салсақ, жуырда Қаржылық мониторинг агенттігі «АзияГазЧунджа» серіктестігінің құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановқа және «Qazaq Gaz» компаниясы Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа қатысты істі тергеуді аяқтады. Оларға сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және көлеңкелі кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айып тағылған. Бұған дейін агенттік Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.
Серік Селеубай