Республикалық штаб отырысында 7 жылға арналған жоспар пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық штаб отырысында 7 жылға арналған жоспар пысықталды

30.12.2022

Халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы алдағы 7 жылға арналған жоспар пысықталды. Президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың алғашқы отырысы өтті. Жұмыс ауқымды. Оны орындау үшін арнайы жол картасы әзірленді. Оған 117 тармақ кіреді, түрлі бағыттар бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімі көрсетілген. Жоспардың орындалуы цифрлық технологиялар арқылы қадағаланбақ. Яғни, қағаз есептер, анықтамалар мен презентациялар болмайды. Орнына ашық мониторинг жүргізіледі. Алғашқы есеп 2023 жылғы 20 сәуірге дейін дайын болуы тиіс.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Жол картасы 117 тармақтан тұрады. Тоқсан сайын Прьемьер-министрдің кеңсесіне енгізуі қажет.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу