Қарағандыда өрт сөндіру қызметінің автопаркі жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда өрт сөндіру қызметінің автопаркі жаңарды

30.12.2022

Авариялық-құтқару қызметінің автопаркі 10 жеңіл автокөлік, 18 арнайы техника және бір қайықпен толықты. Техниканы сатып алуға қаражат республикалық және жергілікті бюджетен бөлінген.

Облыс қазынасынан 2015 жылы 20 миллион теңге бөлінсе, биыл бұл қаражат 1,5 миллиард теңгеге жеткен. Соңғы 7-8 жылда Қарағанды облысындағы төтенше жағдай қызметіне барлығы 163 техника сатып алынған.

Мұрат Қатпанов, облыстық ТЖД бастығы:

Шағын елді мекендер бар ғой мынау Ақтау, Ақтас, Новодоленка, Қопа, Қарағайлы деген. Олардың да басында жаңағы өрт сөндіру бекеттері болуға тиіс. Келешекте алдымызда ондай да жоспар бар. Ол енді барлығы әлеуметтік жоба деп айтуға болады. Өйткені оның басына жас жігіттер жұмысқа тұрады, жас жігіттер жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу