Италия Қытайдан келетін жолаушыларды ковид тестін тапсыруға міндеттеді. Бұл шара тұрғындарды вирустың түрлі штамдарынан сақтау үшін қолға алынып отыр. Милан қаласының басты әуежайы Бейжің мен Шанхайдан барған жолаушыларды коронавирусқа желтоқсанның 26-нан бастап тексерген. Нәтижесінде тест тапсырғандардың тең жартысынан вирус анықталды.
Оңтүстік Кореяға Қытайдан келетін саяхатшылар да, келесі аптадан бастап ковид тестін тапсыруға тиіс. Бұған қоса Сеул қытайлықтарға қысқа мерзімді виза беруді қаңтардың соңына дейін шектеді. Бұл елден келетін әуе рейстерінің санын да көбейткен жоқ. Қытай нөл-ковид саясатынан бас тартқан соң, елдің саяхатшыларына ПТР тест тапсыруды міндеттеген елдердің саны көбейіп келеді. Олардың қатарында АҚШ пен Жапония да бар.