Алматыда бір жылда үш жарым мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 86 адам қаза тапқан. 4 мың жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы қалалық полиция өкілдері хабарлады.
Сондай-ақ құзырлы органның дерегінше, шаһарда жыл басынан бері 700 келіден аса есірткі тәркіленген. Олардың 200-і - синтетикалық заттар. 500-ге жуық есірткі саудалаушы ұсталып, жазаға тартылды.
Алматыдағы бейнебақылау камераларының саны жыл сайын артып, қазір 128 мыңға жетті. Құрылғылардың көмегімен 3 мыңнан аса қылмыс ашылған.
Қуан Нұрақын