Энергетика министрі Болат Ақшолақов Екібастұздағы апаттың себептерін атады. Оның сөзінше, оқыс жағдайға қордаланған мәселелер түрткі болған.
«Энергетика министрлігі генерация мен тікелей станцияға жауапты»,- дейді ведомство басшысы. Ал жылу желілері коммуналдық қызметтің жауапкершілігінде екенін жеткізді.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Бұл – кешенді қателік. Оған станция бастығы немесе инженер ғана кінәлі деп айта алмаймын. ЖЭО-да қысымды көрсететін есептеу құралдарында ақау болған. Меніңше, датчиктердің қате көрсеткішінен кейін мамандар қысымды жоғарылатуға кіріскен. Ал тозығы жеткен желі оған төтеп бере алмады. Коммуналдық қызмет шұғыл шара қабылдамады. Міне осылардың кесірінен тұрғын үйлер жылусыз қалып, құбырлары мен радиаторлары зақымданды. Енді оларды толығымен ауыстыру қажет.
Серік Селеубай