Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс прокуратураның бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс прокуратураның бақылауында

29.12.2022

Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа да істер тергеліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты.

Ол күдіктіге қатысты барлық қылмыстық істерге агенттік сараптама жүргізіп жатқанын, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқанын жеткізді. Аталған іс прокуратураның жіті бақылауында.

Ұлан Сарқұлов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

Қылмыстық іс бойынша тергеу бітті. Соттың шешімі шықты. Ары қарай жұмыс жүргізілуде. Жемқорлық жағынан, басқа жағынан барлық мәліметті қазір айта алмаймыз. Ол Бас прокуратураның қадағалауында.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу