Ресейде жұмыс істеген 21 компания Қазақстанға көшті. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша олар АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Түркия сияқты елдердің компаниялары. Ресей-Украина арасындағы соғысқа байланысты өндіріс пен кеңсесін елімізге көшіріп отыр. Бұған дейін Ресейден Қазақстанға 100-ден астам компания көшуге ниет білдіріп отырғаны айтылған еді. Қазір олармен келіссөздер жүріп жатыр.
Досжан Маратұлы