Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасын қабылдады

28.12.2022

Микроқаржылық 23 ұйым мен 35 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтады. Оларға қойылатын талап күшейді. Мемлекет басшысы бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады. Президентке халықтың шамадан тыс кредит алуын шектеу шаралары туралы ақпарат берілді.

Атап айтқанда, микрокредиттердің сыйақы мөлшерлемесі төмендетіліп, борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу тәсілі қатаңдатылды. Сондай-ақ, 11 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді. Биылғы күрделі макроэкономикалық жағдайларға қарамастан банк секторының тұрақтылығы мен орнықтылығы қамтамасыз етілді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу