Қостанай облысында пиротехника сатқан 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қолында отшашу саудасына рұқсат беретін тиісті құжаттар болмаған. Заң бұзушылық «Пиротехника» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында анықталды.
Полиция мен төтенше жағдайлар қызметі бірлесіп 100-ге жуық рейд өткізді. Ойын-сауық мекемелерінің басшыларына отшашуды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Сақтық шаралары жайлы жазылған хабарлама таратты. Бұл бағыттағы жұмыс 3 қаңтарға дейін жалғасады.
Бауыржан Қасымхан, облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:
Пиротехника сатушылар ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы «Заңсыз сауда» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Дәуренбек Әбдібек