Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын Жұмысшы партиясының жиынында келер жылға арналған жаңа әскери мақсаттарын жария етті. Елдің мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, қару сынағы қарқынды түрде жалғасады. Ким Чен Ын Корей түбегіндегі күрделі жағдайға, халықаралық саяси ахуалға тоқталған.
Ол «жауға қарсы күрес» бағыты мен қорғанысты арттыру мақсаттарын белгіледі. «Рейтердің» хабарлауынша, бұл арқылы Солтүстік Корея лидері мемлекеттің әскери қуатын арттыруды меңзеп отыр. Айта кетсек, биыл Пхеньян бұрын-соңды болмаған қарқынмен зымырандар сынағын жүргізді.
Арай Төлеген