Солтүстік Қазақстандағы «Қызылжар су» коммуналдық мекемесіне 8,5 млн теңге айыппұл салынды.
Петропавл қаласын сумен қамтамасыз етіп, кәріз желілеріне жауапты кәсіпорында экологтар тексеру жүргізген. Мекеме жұмысында бірқатар олқылық анықталды. Солардың бірі - кәріз суының құрамында мырыш табылған.
Мамандардың айтуынша, улы зат ауаға таралады. Қоршаған ортаға келтірілген зиян – бірінші, яғни ең жоғары деңгей деп бағаланып отыр. Кәріз суында мырыштың қайдан пайда болғаны анықталып жатыр.
Эльмира Кәленова