Қ.Өскенбаев: Жеңілдетілен автонесие бағдарламасы барлығына жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Өскенбаев: Жеңілдетілен автонесие бағдарламасы барлығына жетеді

27.12.2022

Жеңілдетілен автонесие бағдарламасы бойынша, көлік бәріне жетеді. Машина тапшылығы жоқ. Отандық автоөндіріс керісінше, қарқынды дамып келеді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осылай деді. Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, қаңтардың ортасында 4%-дық автокредит қайта басталғанымен, бұрынғыдай жаппай несиелеу болмайды. Бағдарлама тек, револьверлік негізде жүзеге асады. Яғни бұған дейін 4 пайызбен көлікті несиеге алғандар ақшасын банктерге қайтара бастады. Сөйтіп 13 миллиард теңге жиналды. Оған тағы мың жарымға жуық автоқарыз беру жоспарланған. Осылай қайтарылған қаржы жиналған бойда, несие тоқтаусыз беріле береді.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Қазір банктер автонесиені күнде бере бермейді. Ақшаның жиналғанын 2-3 ай күтеді. Меніңше бұл дұрыс емес. Жеңілдетілген автонесие күнде 5-6 адамға болса да беріліп тұруы керек деп ойламын. Осы мәселені қазір банктермен талқылап жатырмыз.

Сондай-ақ, Қайырбек Өскенбаев келер жылдан бастап еліміз арқылы өтетін шетелдік жүк тасымалдаушыларға ақылы жолдардағы тариф қымбаттайтынын айтты. Ал ел азаматтары үшін ол өзгеріссіз қалмақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу