Астанада ел егемендігі мен ұлт тұтастығы тақырыбында республикалық айтыс өтті. Жыр аламанына елдің түкпір-түкпірінен ат басын бұрған 14 ақын қатысты. Олар көзіқарақты көрерменнің алдында тәуелсіз Қазақстанның маңызды кезеңдері мен азаттық жолында арпалысып өткен бабалар тарихын жырға қосты. Сондай-ақ, бәйгеге толғаулармен қатар, сүбелі поэмалар да түсті. Қазылардың шешімімен жүлделі 1-ші орын түркістандық Бекарыс Шойбековке бұйырса, бас жүлдені қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан иеленді.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Айтыс енді қазақтың бой тұмары ғой. Ата-бабамыздан келе жатқан, аманат боп келе жатқан киелі өнер жәдігері деп айтуға болады. Сондықтан да AMANAT партиясы осы еліміздің ешбір қиындығына қарамай, сынақтарға қарамай, осы жылдың өзінде бірқатар республикалық айтыстарды ұйымдастырған болатын. Айтыскер ақындарды, жазушыларды жалпы мәдениетке, руханиятқа жақын адамдарды әрдайым қолдап келе жатыр.
Ламбриан Топузидис