Балалар жылы аясында аутизмге шалдыққан балаларды емдейтін 8 оңалту орталығы ашылады. Бұл көмекке зәру балдырғандарға көмек көрсетуге үлкен сеп болады дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері. Олардың мәліметінше, жалпы қазіргі таңда 2 млн-нан аса отбасына қолдау жасалып, түрлі әлеуметтік төлемдер төленіп отыр.
Биыл бұл жәрдемақыларға 867 млрд теңге бөлінсе, келер жылы 1,2 трлн теңге қарастырылып отыр.
Назгүл Сағындықова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Мүгедектігі бар балаларға қатысты жақсы өзгерістер болды. Ата-аналар балалаларын санаторийге апарған кезде ата-аналардың жатып-тұруы, тамақтануы субсидияланатын болады. Бұрын ата-аналар өз қаражатына баратын болса, енді бұл бюджет тарапынан қарастырылатын болады.