Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бастаған Палата депутаттары Ұлттық нейрохирургия орталығының жұмысымен танысты.
Сенат төрағасы елімізде денсаулық сақтаудың сапасын арттыруда осындай орталықтардың рөлі үлкен дейді. Мұнда заманауи «Гамма-пышақ» кешені орнатылған. Ол күрделі нейрохирургиялық ота жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ депутаттарға госпитальдық фармация бөлімшесінің қызметі таныстырылды. Онда емдеудің тиімділігі мен дәрілік заттарды пайдаланудың ұтымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар бар.
Сәбит Әлдебай