Түркияның Қара теңізден табылған газ қорының көлемі 710 миллиард текше метрге жетті. Бұл туралы мәлімдемені президент Реджеп Тайып Ердоған жасады. Оның дерегінше, қосымша 58 миллиард текше метр көгілдір отын резерві Кайкума-1 кенішінен анықталған.
Осыған дейін бұл ауданнан 652 миллиард текше метр газ табылған. Айта кетсек, Түркияның өзінде мұндай отын өте аз. Сондықтан Анкара газ мәселесінде Ресейге, Әзербайжанға, Иранға, Қатарға, АҚШ-қа, Нигерияға, Алжирге тәуелді.
Арыстан Рысбек