Елордада рұқсат етілмеген жерге төгілген медициналық қалдықтар табылды. Қоқыс «Нұрлы жол» вокзалына жақын жерге төгілген. Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері лас заттардың көлемін анықтады.
Бұл жұмысқа полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдері де тартылды. Полигон шамамен 50 текше метрді құрайды. Полиция материалды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеді.
Дарын Сағитов