Президент Ресейде өткен ТМД мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ресейде өткен ТМД мемлекеттері басшыларының отырысына қатысты

26.12.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды. Президент ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты. Ол үшін Б.Н.Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді. Мемлекет басшысын Ресей президенті Владимир Путин қарсы алды. Кездесу алдында мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев ынтымақтастықты арттыру үшін бірқатар ұсыныс айтты. Алдымен сауда-саттыққа қолайлы жағдай жасауға баса мән беру керек деді. Ол үшін тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жою мәселелерін жан-жақты жүргізген жөн. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты іс-әрекеттерді жолға қою қажет. Келесі жылы Астанада өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясы осы салада ортақ тәсілдер қарастыруға арналады. Министрлер белсенді қатысады деп сенеміз деді, Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
ТМД кеңістігінде көлік логистикалық жобалардың тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастықтың жаңа механизімдері мен форматы керек. Осы тұста солтүстік-оңтүстік халықаралық дәлізінің маңызы артып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан, Түркіменстан, Иран теміржолы маңызды көлік бағыты ретінде зор рөл атқарады. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу