Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қызметінің қорытындысы жарияланды.
Бір жыл ішінде Мемлекет басшысы 14 елге 25 рет сапар шекті. 19 елдің мемлекет басшысымен кездесіп, келіссөз жүргізді. Жалпы 147 390 шақырым қашықтыққа ұшты. 238 сағат ұшақта болды. 16 рет жұмыс сапарымен еліміздің аймақтарына барды. Сондай-ақ Президент 59 жиналыс пен кеңеске, 31 халықаралық деңгейдегі шараға қатысты. 298 рет қабылдау мен кездесу өткізді.
Бұдан бөлек 68 заңға, 422 жарлыққа, 137 өкімге және 4 508 қызметтік хат-хабарға қол қойған , сондай-ақ 594 жеке және заңды тұлғалардың жолданымына қатысты тиісті шешімдеріне де қол қойды.