Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 92 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

26.12.2022

Шығыс Қазақстан облысында биыл 92 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл негізінен жайылымдық алқаптар. Нәтижесінде аймақта шабындық пен жайылымның жетіспеушілігі 11 мың гектарға дейін азайды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының биылғы қыркүйектегі Жолдауы мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асып отыр. Дегенмен Ұлан, Самар, Глубокое мен Қатонқарағай аудандарында мал жаятын жер әлі де тапшы.

Қазір облыста 62 мың гектардай жайылымдық алқаптар жетіспейді. Мәселені реттеу үшін салаға жауапты басқарма мамандары өңірдегі орман шаруашылықтарының аумағаныдағы алқаптарды да шаруаларға рәсімдеп жатыр.

Надежда Михейлис, облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы:

Биыл қыркүйек пен қараша айларында біз аймақтағы жалпы ауыл шаруашылығы жерлеріне жүргізілген тексерістің қорытындысын шығардық . Нәтижесінде пайдаланылмай жатқан мыңдаған гектар жер анықталды. Оны иеленіп отырған азаматтарға жазбаша ескертеулер берілді. Былтыр облыста жайылмыдық үшін 62 мың гектар жер жетпесе, биыл бұл көрсеткішті 11 мың гектарға түсірдік.
Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу