Иранның төл ақшасы бейресми валюта нарығында ең төменгі деңгейге дейін арзандады. Риал өз құнының 21 пайызын жоғалтқан. Халық бағаның өсуі, тұрмыстың төмендеуін айтарлықтай сезініп отырғанын айтады. Валютаның арзандауына елдің оңтүстік-шығысында наразылық шерулерінің қайта басталуы себеп.
Еске салайық, қарсылық акциялары қыркүйектің ортасында 22 жастағы Махса Амини есімді қыздың полиция бөлімшесінде қайтыс болғанынан кейін басталды. Шеруге шыққандар Иран билігін құлатуға шақырып отыр.
Арай Төлеген