Ал елімізге жемқорлық қылмыстардан болатын экономикалық залал көлемі күрт артқан. Құқықтық статистиканың мәліметі бойынша, өткен айда ғана бюджет ақшасын жымқыру, пара алу секілді қылмыстардан елге 6 млрд 200 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда 80 пайызға көп. Әсіресе қызмет бабын асыра пайдалану - ең көп залал келтірген қылмыс. Соммасы 5 миллиард 500 миллион. Екінші орында - пара беру, алу. 271 миллион теңге. Алаяқтар болса, 172 миллион теңгеге кесірін тигізген.
Досжан Маратұлы