Мұнай қайта қымбаттай бастады. Өткен апта 79 долларға дейін арзандаған қара алтын баррелі қазір 84 доллардан сатылып жатыр. Бағаның көтерілуіне АҚШ-та мұнай қорының азайғаны жайлы ақпараттар әсер етті дейді сарапшылар. Әрі керосинге әлем бойынша сұраныс артты деген мәліметтер де мұнайды қымбаттата түсті. Десе де бұл уақытша болуы мүмкін деген болжамдар да айтылып жатыр. Өйткені Қытайда ковид жұқтырғандар көбейіп, карантин күшейтіліп жатыр. Бұл сұранысты сәл азайтып жіберуі ықтимал.
Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін доллар бірден бес теңгедей арзандады. Қор биржасындағы саудаға сай, қазір Америка валютасы 461, еуро 499, рубль 6 теңге 60 тиын тұрады.
Досжан Маратұлы